Қымбатшылыққа жол бергендер жазасыз қалмайды

Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаил Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша берілген тапсырмаларына сәйкес, қала аумағында орналасқан бірқатар нысандарды аралады.

Аралау барысында Қайрат Әбілханұлы супермаркет, дүкен иелеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үстемеақыны 15 пайыздан асырмау туралы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерден асуы» туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 400-IV Заңының 163-6-бабының 1-ші және 2-ші тармақтарына сәйкес, заң аясында түсіндіру және зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу барысында «SMART» супермаркетінде көкөніс сатушысына заңға сәйкес 15 пайыздан аспайтын бағада картоп, сәбіз, пияз және қырыққабаттың сатылуына қол жеткізілді. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үстемеақы 15 пайыздан асырылғаны туралы факті анықталған жағдайда заң аясында әкімшілік айыппұл салынатыны туралы ескертілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Лаура Абайқызы

Comments (0)
Add Comment