Батыс Қазақстан облысында достары 34 жастағы ауыл тұрғынын аяусыз азаптап өлтірген. Қылмыс құралы ретінде балға мен түйреуіштер пайдаланылған. Михаил Крайновтың отбасы әділдік сұрайды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Марқұмның жұбайы мен достары мұндай қатыгездікке не себеп болғанын білмейді. Михаил Крайнов бір апта бойы із-түзсіз жоғалып кеткен. Артынша оның денесі табылды. Марқұм жеке басын анықтаған кезде оның бетіне зақым келген, мойнында кесінділер бар болған. Белгілі болғандай, із-түзсіз жоғалар алдында марқұм көршілерімен болған.
“Дүкендегі камералар оның олармен бірге үйге қалай кіргенін, бірақ мүлдем шықпағанын көрсетті. Қазір кінәні өзіне кішкентай бір бала алып отыр, мен ол өлтірді дегенге сенбеймін”, – дейді марқұмның жұбайы Светлана Укасова.
Бұған марқұмның достары да сенбейді. Олардың айтуынша, ол қайратты, мейірімді және жанашыр адам болған, дәнекерлеуші болып жұмыс істеген, спортпен айналысқан. Артында екі қыз қалды, екінші әйелінен де екі баласы бар.
“Қарапайым бала, жақсы досым еді. Онымен жақында ғана достасып, бизнеспен айналыстық. Обал болды”, – дейді дос Сергей Жалнин.
Марқұмның денесінде туыстары көптеген гематомалар мен кесілген жерлерді байқаған. Полиция қылмыскердің балға және т.б. құралдарды қолданғанын көрсетті. Адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазірдің өзінде кінәсін мойындаған күдікті ұсталды.
“Істің барлық мән-жайы анықталды. Кісі өлтірудің басты себебі жәбірленуші мен күдікті арасындағы жанжал болған. Барлығын растайтын куәгерлер мен анықталды. Іс бойынша заттай айғақтар табылып, соның ішінде қылмыс құралы алынды”, – дейді БҚО полиция департаментінің басшысы Махамбет Темірбаев.
Қаза тапқандардың туыстары мен жақындары жан-жақты және әділ тергеу жұргізіп, қайғылы оқиғаға кінәлілерді жазалануын талап етті.