Ыдыс жуудың қатерлі ісік ауруына әкелуі мүмкін екені анықталды

Ыдыс-аяқтарды сапасыз құралдарды пайдаланып дұрыс жумау қатерлі ісік ауруының дамуына әкелуі мүмкін. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кейбір жуғыш заттарда формальдегид бар. Ол өнімнің жарамдылық мерзімін ұзарту үшін қосылады. Алайда, бұл зат теріге және терінің шырышты қабықтарына қауіпті. Сонымен қатар, иммунитетке теріс әсер етіп, қатерлі ісіктің дамуына ықпал етуі мүмкін.

Сондай-ақ ыдыс жууда қолданылатынын тағы бір дұрыс емес әрекет бар. Көбінесе ыдыс құрғамастан шкафқа салынып жатады. Дұрысы ыдыс-аяқтарды толығымен құрғағанда ғана керекті жерге салу керек.

Өйткені ылғал әртүрлі бактериялардың таралуы үшін пайдалы орта. Бұл әсіресе, ағаш ыдыстарды пайдалану кезінде үлкен қауіп төндіреді.

Comments (0)
Add Comment