Құқық қорғаудағы қырағы қызметкерлер

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған Жолдауында азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгіде қылмыспен күрес саласы жаңғыртылды.

Аталған жұмысты жүзеге асыруда құқық қорғау органдарының атқаратын рөлі маңызды. Жалпы құқық қорғау қызметі дегеніміз – қоғам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауға, мемлекетте заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған арнайы өкілетті органдардың қызметі.
Қызметтің негізгі мақсаты – азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау мен қалпына келтіру, құқық бұзушылықпен күрес және олардың алдын алу.
Құқық қорғау органдарына сот, төрелік сот, Конституциялық сот (Қазақстанда Конституциялық кеңес), прокуратура, ішкі істер органдары, мемлекеттік қауіпсіздік, кедендік бақылау, әділет органдары жатады.
Өкінішке қарай, қоғамда құқық қорғау қызметкерлеріне құрметсіздік көрсетіп, заңды талаптарына бағынбай, қорлап, тіпті дене жарақаттарын келтіру фактілері де орын алуда.
Ескере кететін жайт, жоғарыда атап өтілген әрекеттер үшін ҚК-тің 378, 379, 380 және 380-1 баптарымен қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың 6 айында Тараз қаласында аталған баптармен 9 адамға қатысты қылмыстық қудалау басталса, оның төртеуі кінәлі деп танылып, айыптау үкімдері шыққан.
Мысалы, 2022 жылғы 2 мамырда азаматша «Е.» Тараз қаласы Полиция басқармасының полиция инспекторларының ӘҚБтК-нің 440-бабының тәртібінде куәландыру және одан әрі әкімшілік хаттама жасау үшін наркологиялық диспансерге бару туралы билік өкілдерінің заңды талаптарына наразылығын білдіре отырып, масаң күйде 2-ші полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратында соңғылардың ішінен аяғымен теуіп, дене жарақаттарын келтірген.
Аталған факті бойынша Тараз қаласы ПБ №2-ПБ-мен ҚК-тің 380-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Тергеп-тексеру нәтижесімен қылмыстық іс сотқа жолданып, азаматша «Е.»-ге қатысты сот үкімімен 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза қолданылған.
Құқық қорғау органдарының жұмысы халыққа адал қызмет көрсетуге, қоғам қауіпсіздігін, қатаң заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.
Егер құқық қорғау органдарының қызметкерінің заңсыз, этикалық тұрғыдан оған жат қылықтары мен әрекеттеріне куә болған жағдайда, тиісті органдарға немесе сенім телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Ж.Сматов,
Тараз қаласының прокуроры

Comments (0)
Add Comment