Тараз қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен қала әкімдігі, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, полиция басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, колледж, мектеп басшылары және ата-аналар комитеттерінің өкілдерінің қатысуымен 2023 жыл және 2024 жылдың 3 айында Тараз қаласының аумағында кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың, оның ішінде жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу тақырыбында мекемеаралық мәжіліс өткізілді.
Қала прокуроры жиналыста Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез-келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап еткенін көрсетіп, мемлекеттік органдардың басты бағыттарының бірі бала құқығын қорғау екендігі атап өтті.
Бұл бағытта өзекті мәселе – кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау.
Бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылғанына қарамастан, жекелеген сұрақтар назардан тыс қалып, жұмыстар тиісті түрде жүргізілмеуде.
2023 жылы кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс 5,5 % өскен, биылғы жылдың 3 айында қылмыс 10% өскен, яғни 18-ден 20-ға.
2023 жылы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс 41% (87-ден 51-ге) төмендесе, биыл бірден 66% (6-дан 10-ға) өсті.
Сонымен бірге, қазіргі заман жастарының індеті «Лудомания» алын-алу жолы талқыланды.
Жиналыс барысында осы бағытта өзекті мәселелер көтеріліп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланып, уәкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар беріліп, жұмысты күшейту тапсырылды.