Халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілген акция барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобасының ерікті адвокаттары, заң консультанттары, жеке сот орындаушылары, нотариустары қатысып, қала тұрғындары үшін тегін консультациялық көмек көрсетті. Акция барысында 20-ға жуық азаматқа консультациялық көмек көрсетілді.