Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Бақыт Аязұлы Бетбаев ветеринария басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Бақыт Аязұлы 1974 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері болып бастаған.
2004-2005 жылдары Шу қаласы С.Сейфуллин атындағы орта мектеп директорының орынбасары, алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі;
2005-2006 жылдары Шу қаласы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының бактериолог-дәрігері;
2006-2007 жылдары Шу қаласы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы;
2007-2009 жылдары жеке серіктестікте еңбек етті;
2010 жылы «Шу аудандық ветеринариялық қызмет» ЖШС-ның директоры;
2010-2012 жылдары Шу ауданы Қорағаты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
2012-2017 жылдары Шу ауданы Шоқпар ауылдық округі әкімі аппаратының әкімі;
2017-2022 жылдары Шу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
2022 жылдың қарашасынан бастап бүгінгі күнге дейін Шу ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарды.