Қазақстанда қараша айынан бастап медицина қызметкерлер, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлерінің үшінші компонентін салдыра бастайды. Сондай-ақ 60 жастан асқан адамдар, өздігінен зерттеулерден өткен және КВИ-ға қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар адамдар да қайта вакцинациядан өтуі керек. Мұндай шешімді Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия қабылдады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Kznews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда Қазақстанның вакцинациялау паспортын әлемнің 15 елі ресми мойындаған. Сондай-ақ жоғары да аталған Ведомствоаралық комиссияның шешімімен елдегі Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарының жұмыс уақыты ұлғайды. Атап айтқандағы «жасыл аймақтағы» кәсіпкерлік нысандар сағат 03:00-ге дейін, ал «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 05:00-ге дейін жұмыс істейді.