Вакцина егу екпінді жүргізілуде

Облыста коронавирус індетіне қарсы екпе жұмыстары екпінді жүргізілуде. Ол үшін ағымдағы жылдың 1 ақпаны мен 22 қарашасы аралығында 1-турға – 621 895 доза және 2-турға – 621 895 доза жеткізілген. Оның ішінде «Спутник V» 1-компоненті – 421 795 және 2-компонент – 421 795 доза. «QazVac» – 83 600 адамға 167 200 доза, «CoronaVac» – 17 мың адамға 34 мың доза, «HayatVax» – 60 мың доза 30 мың адамға және Синофарм Verocell – 69 500 адамға 139 мың доза.

29 қарашадағы жағдай бойынша 1 рет барлығы 603 662 адам вакцинацияланды. Бұл 613 300 адамның 95,6 пайызын құрайды. Оның ішінде 17 792 – медицина қызметкерлері (3,0%), 28 967 – білім беру ұйымдарының қызметкерлері (4,8%), 13 403 – күш құрылымының мамандары (2,2%), 6498 – мемлекеттік қызметкерлер (1,1%), 13 535 – студенттер (2,2%), 1281 – әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,2%), 70 894 – созылмалы аурулары бар тұлғалар (11,7%) және 451292 – басқалары (74,8%).
Екпе ектірген 603 662 адамның 499 436-сы вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Облыста ковидке қарсы вакцинаның қалған бөлігі: 1-тур – 25 668, 2-тур – 123 837 доза.
Жамбыл облысына 11 қарашада жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау үшін 20 475 адамға 40 950 доза «Pfizer» вакцинасы жеткізілді. 29.11.2021 ж. жағдай бойынша «Pfizer» вакцинасының 1-турымен 2038 адам қамтылды (бұл 139 230 адамның 1,5%). Оның ішінде 1700 жасөспірім, 132 жүкті және 206 бала емізетін әйел егілді. «Pfizer» вакцинасының 1-турға 18 437 доза және 2-турға 20 475 дозасы қалды.
Облысқа ревакцинация жасау үшін «QazVac» екпесінің 12 990 дозасы жеткізілді. 29 қарашадағы жағдай бойынша барлығы 326 адам қайта вакцинацияланды, оның ішінде Тараз қаласында – 209 және аудандарда – 117 адам. Оның ішінде медицина қызметкері – 156 (47,8%), басқалары – 165 (50,6%), созылмалы патологиясы бар науқас – 3 (0,9%), 1 мемлекеттік қызметші (0,3%), 1 өнеркәсіп мекемесінің қызметкері (0,3%).
Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияға қарсы егу жұмыстары жалғасуда.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Comments (0)
Add Comment