Вайнер Мейіржан Төребаевтың қамау уақыты 18 қыркүйекке дейін ұзартылды

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі вайнер Мейіржан Төребаевқа қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы 30 тәулікке ұзартылғанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“17 тамызда күдіктінің іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 30 тәулікке, яғни 18 қыркүйекке дейін ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды”,- деп хабарлады қалалық сот.

Еске салсақ, қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынған болатын.

Comments (0)
Add Comment