Украинада «Шеркеш» руының әскери техникасы не істеп жүр?

Әлеуметтік желіде қызық белгісі бар сурет тарады. Әлгі суретте «Щеркеш» деп жазылған. Украинадағы соғыста әскери техникаға қазақ руының аты жазылған сурет желі қолданушыларының таңданысын туғызды деп хабарлады turkystan.kz.

Айта кетейік, қазір Украина мен Ресейдің соғысып жатқанына бір жарым айдан аса уақыт өтті. Енді міне, әлеуметтік желіде бүйіріне «Шеркеш» деген қазақ руының атауы жазылған БМП-2 әскери техникасының суреті тарап жатыр.

Осы орайда, суретке көзі түскендер түрлі пікірді қарша боратты. Пікір қалдырушылардың бір бөлігі – жазуды Шеркеш руынан шыққан Ресейде тұратын этникалық қазақтар қалдыруы мүмкін деп топшылады. Ал енді бір бөлігі – олардың РФ құрамындағы Қарашай-Шеркеш халқының өкілдері екенін жаза жөнелді.

Әзірге қай нұсқа шындыққа сәйкес келетіні белгісіз.

Comments (0)
Add Comment