Украина Қорғаныс министрлігі: Ресей әскері қырылып қалды

Украина қорғаныс министрлігі Ресейдің агрессиясына қатысты ақпарат берді. Украина билігінің мәліметі бойынша, Ресей бір күннің ішінде орасан зор шығынға ұшыраған. Мәскеудің блицкриг жоспары іске аспаған,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Adyrna.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше Ресей бір күннің ішінде 30 танк, 130 брондалған көлік пен 6 тікұшақ пен 5 ұшағынан айырылған. Адами шығыны 450-800 арасында.

«Бүгін Украина үшін маңызды күннің бірі. Жау барлық күшін дәл бүгін салуы мүмкін, сондықтан шыдаймыз, қорғанамыз, соғысамыз» деді Қорғаныс министрлігі

Comments (0)
Add Comment