Украина мен Ресей екінші келіссөзде қол алысты (ВИДЕО)

Ресей мен Украина делегациясының екінші келіссөзі мәресіне жетті деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде тараптар гуманитарлық дәліз ұйымдастыруға, сол себептен кейбір майданда әскери қақтығысты тоқтатуға келісті.

-Екінші кездесу біршама нәтиже берді. Енді жақын арада тағы кездесіп, мәселені талқылаймыз, – деді Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк.

Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский де келіссөзде кейбір мәселе бойынша ортақ шешімге келгенін айтты.

– Осы жолы халықаралық гуманитарлық мәселе, жанжалды саяси жағынан реттеу және әскери қақтығысты тоқтату жөнінде сөйлестік. Олар туралы  жеке-жеке айтамыз. Жалпы, аяқалысымыз жаман емес. Кездесуде гуманитарлық дәліз ұйымдастыруға, сол себептен кейбір майданда әскери қақтығысты тоқтатуға келістік, – деді ол.

Comments (0)
Add Comment