Тараз қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімі қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Алдын алу шаралары аясында жолаушыларға жеке заттарын, ұялы телефондарын және басқа да құнды заттарды қараусыз қалдырмау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметі инспекциясы аймағында багажда және қол багажында тыйым салынған заттарды алып жүруге жол бермеу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
Тараз қаласы әуежайындағы ЖПб