Тыныштық күзетшісі

Арайлым ШАБДЕНОВА

23 маусым – егемен еліміздің тыныштығына сызат түсірмей, бейбіт күннің бағасын көз ілмей күзеткен тәртіп сақшыларына құрмет көрсету күні. Қазақстан полициясы күні – төзімділік, қырағылық, қарапайымдылық ұғымдарын бойына сіңіріп, қызметтің қиындығына қарамастан, анттарына адал болған ерлердің ерлігін ұлықтайтын шақ.
Ішкі істер органдары – қоғамдық құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік биліктің ең маңызды құрылымдарының бірі. Бейбіт заманда өмірлерін қатерге тігіп, Отанға деген адалдық пен шаңырақ шаттығын таразы басында тең ұстау, береке мен бірлікті сақтау – бүгінгі полиция қызметкерлерінің басты парызы.
Төл мерекеде қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілей отырып, әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа қызмет етіңіздер деген тілек білдіреміз. Сіздер біздің қорғанымыз, сіздер біздің айбынымызсыздар!

Comments (0)
Add Comment