Тынық мұхиттағы домбыра көпірді жобалаған қазақ
Тынық Мұхиттың ауызындағы Інжу шығанағына орналасқан Гонконг, Макао, Чжухай сынды 3 ірі қаланы тұтастырып тұратын, теңізге салынған домбыра көпір бүгінгі күні әлем жұртшылығының көз айымына айналып отыр,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Көпірдің салушылар көпір жобасы біткен кезде:
– Бұл домбыра шанақты, домбыра мойынды алып көпірдің біз есептеген ғұмыры 120 жыл. Күш-жігермен, техникалық бақылау жұмыстарын жақсарту арқылы 55 шақырымдық бұл көпірдің ғұмырын, шыдамдылығын 150 жылға дейін ұзартуға болады,-деді.
Қазақтың рухын кез-келген тәсілмен көтеруге болады. Ол үшін әрбір қазақ өз саласын сүйіп, асқақ түрде еңбектенуі тиіс. Өзінің саласында табысқа жеткен адам ұлттық иісті, өрнекті, ұлттық затты, ұлттық танымды өзінің кәсібінің бір тұсына қыстырып, жарқыратып көрсете алса болды, оның өз ұлтына деген перзенттік парызы өтелген болады.
Енді ойлаңызшы, дүние жүзінің әрбір тұсында қобыз бейнелі, домбыра бейнелі, таға бейнелі, тымақ бейнеді алып құрлыстар салынып жатса, ол қазақтың рухани түрде әлемді соғыссыз жаулауы болып табылады.
Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы парақшасынан