Тың дерек: Кітап оқу несімен пайдалы?

Баланың ең жақсы досы-бұл кітап.  Қашан дадамудың ең үздік құралының бірі кітап болды. Бұл  мақаладан баланың кітап оқуының пайдасы жайында қызықты ақпаратпен танысасыздар.

Бүгінде гаджет, компьютерлік ойындардың алуан түрлілігі біртіндеп жас ұрпақ үшін « кітап қызықты емес» деген түсінік қалыптастырды. Ата-ана көркем әдебиеттің орнына балаларға ойындар сатып алады. Оның үстіне мидың дамуын тежейтін теледидар бағдарламаларын бақылаусыз көруге мүмкіндік беріп қояды. Әдемі, қызылды-жасылды, әрі қысқа хабарламалардан ақпарат алу балаға әлдеқайда оңай. Бұл түсінікті жайт. Балалар қазір әуелден сенсорлық телефонмен туылғандай еркін меңгерген. Ал ересектер біртіндеп электронды құрылғылардан ақпаратты пассивті қабылдайды.

Ғалымдар 6 минут кітап оқу стресс деңгейін 2 есе төмендетеді дейді. Тіпті баяу музыка тыңдау мен серуендеу бұдан кейінгі үшінші және төртінші орында.

Ұлыбритания ғалымдары оқу денеге бұлшықет фитнесімен бірдей пайда әкеледі деп санайды. Өйткені бұл процесс бүкіл миды жаттықтырады.

Ғалымдар зерттеулер жүргізіп, әдеттегі оқудан мәтінді егжей-тегжейлі есте сақтау ниетіне көшу кезінде белсенді қан айналымы басталып, жүйке қызметі толығымен өзгеретінін анықтады. Неврологиялық жүктеменің кез-келген түрі миға пайдалы.

Ата-аналары үнемі дауыстап оқитын балалар әдеби шығарманың құрылымын терең түсіне бастайды (басталуы қайда, сюжет қалай ашылады, соңы қай жерде болады). Оқудың арқасында бала тыңдауға үйренеді. Кітаптармен танысып, бала ана тілін жақсы біледі.

Әдетте балалар ата-аналарының арнайы уақыт бөлуін асыға күтеді. Кітапты өздері оқи алатын балалар үшін де дауыстап оқу өте маңызды. Нәтижесінде олардың арасындағы қарым-қатынас, тәрбие әдісі тиімді болмақ. Сондықтан ана мен әкенің әрқашан балаларының оқуына уақыт табуыкерек. Айта кетейік, психологтардың пікірінше, ата-аналары кітап оқыған балалар басқаларға қарағанда өзіне сенім.

 Ардана Қыснақбаева
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Журналистика мамандығының 4 курс студенті

 

 

Comments (0)
Add Comment