Туған жерге тағзым

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру аясында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «#Bestвидео Туған өлке» онлайн байқауы өтті.

Осы байқауға қатысу барысында Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің 9«б» сынып оқушыларымен Қызыларық ауылының маңында IXV ғасырда бой көтерген Тектұрмас күмбезіне барып, құран оқытып, видео түсірдік. Күмбезді мазар Сұлтан Махмұт ханның бейітіне орнатылған, ол күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Мұнда XIX ғасырдың 2-жартысында В.А.Каллаур, ал 1939-1940 жылы Г.И.Пацевич зерттеу жұмыстарын жүргізген. Байқауға қатысу мақсатында 9«б» сынып оқушысы Тоғжан Қали жетекшілік етіп, «Тектұрмас сәулет ескерткіші» бойынша зерттеу жүргізіп, еңбегін ұсынған. Байқаудың ІІ кезеңінің қорытындысы бойынша Тоғжан Қали облыс әкімдігі білім басқармасының шешімімен «Үздік контент» номинациясының иегері атанды. Туған жерге деген сүйіспеншілікті оятып, тарихымен терең танысуға ықпал ететін мұндай байқаулардың болашақ ұрпаққа берері мол.

Динара Нұрбекова, Ш.Смаханұлы атындағы №44 мектептің тарих пәнінің мұғалімі

Comments (0)
Add Comment