Трамп АҚШ Ауғанстанда қалдырып кеткен тікұшақтарды Ресей мен Қытай алғанын айтты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ресей мен Қытай америкалықтар Ауғанстанда тастап кеткен тікұшақтарды зерттеп жатқанын айтты. Бұл туралы ол Айова штатындағы жақтастарының митингінде мәлім етті, – деп хабарлайды РИА Новости.

«Ресей мен Қытайда біздің тікұшақтарымыздың үлгілері бар. Олар қазір «Апачиді» бөлшектеп, зерттеп жатыр, жақын арада олар үздік техниканы жинайды», – деді Трамп.

Экс-президенттің айтуынша, Ауғанстаннан кетерде америкалық әскерилер «бірнеше ескі тікұшақты сындырған, бірақ жаңаларын емес».

«Енді олар жауларымыздың қолында», – деді ол.

Comments (0)
Add Comment