Тоғызкент ауылына – 80 жыл

Құрметті ауыл тұрғындары!
Сіздерді толғауы терең, тарихы тағылымды Тоғызкент ауылдық округінің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Аудан орталығынан 80 шақырым жерде, Талас өзенінің тармағында орналасқан Тоғызкент ауылдық округінің іргесі 1950 жылы асыл тұқымды қаракөл қойын өсіретін «Түгіскен» кеңшарының орталығы ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Тоғызкентте «Тоғызкент» АҚ және 20-дан астам шаруа қожалықтары құрылды. Құрамына Майлыкөл, Әбілда ауылдары кіретін округтің ауданымыз үшін маңызы зор.

Сонау қиын-қыстау кезеңдерді артқа қалдырып, тоқыраудан өтіп, бүгінде жаңарудың жаңа қадамына аяқ басқан елдімекен еңсесін түзеген аймаққа айналуда. Бүгінде үкімет тарапынан ауылдарды қолдауға түрлі бағдарламалар мен жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді.

Ардақты ағайын!

Ауыл – ел бесігі. Тіршіліктің тірегі, бірліктің ұйытқысы мен салт-дәстүр сабақтастығының айқын көрініс табатын қастерлі орны. Ауыл – сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекені. Сондықтан, ауыл дегенде елең етпейтін қазақ баласы жоқ шығар…
Ұланына қайтпас қанат, талмас талап берген Тоғызкенттің болашағы әркез жарқын болғай! Мерейлі мереке құтты болсын! Қаймағы бұзылмаған ауыл көркейе бергей!

Құрметпен, аудан әкімі Сәкен Мамытов

Comments (0)
Add Comment