Тоғыз шетелдік азамат Қазақстан арқылы Еуропаға заңсыз өтіп кетпек болған

Батыс Қазақстан облысында ҰҚК шекарашылары тоғыз адамды ұстады. Шекараны бұзушылар Еуропалық Одақ елдеріне кіруге үміттенген деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 

11 тамызда мемлекеттік шекараны бұзған тоғыз адам ұсталды. Шетелдіктер өткізу пунктін айналып өту үшін шекарадан өтуге тырысқан.

«17 тамызда БҚО Бөрлі ауданының соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 514-бабының 2-бөлігіне сәйкес құқықбұзушыларды жауапқа тартты», – деп атап өтті ҰҚК баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылдың басынан бастап БҚО-да шекарадан өту тәртібін бұзғаны үшін 110 шетелдік ұсталды

Comments (0)
Add Comment