Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл тұрғындарымен кездесу барысында көмек сұраған Қостанай тұрғынын тыңдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әңгіме басында президент тұрғынмен арада тұрған күзетшісінен шетке тұруын сұрады.
Қостанай тұрғыны мемлекет басшысына «қала әкімдігі арқылы жалған құжатпен сатылып кеткен» отбасылық үйін қайтара алмай жүргенін айтты. Сөзінше, отбасы құжатты ұзақ уақытан кейін рәсімдеген.
Президент бұл мәселені шешетінін мәлімдеді.