Тоқаев: Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялады.

 

Тоқаев өз жолдауында қаңтар оқиғасын ұйымдастырғандардың арасында жоғары лауазымды тұлғалар болғандығын айтты.

– Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді , – деді президент өз жолдауында.

 

Президент сонымен қатар сатқындардың барлық байланысты өздеріне алғанын және мемлекет басшыларына бұрыс ақпарат бергенін айтты.

– Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Онда қызмет ететін азаматтар да – өз бауырларымыз. Олар елмен бірге екенін, туған халқы үшін қасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді, – деді президент.

Comments (0)
Add Comment