Тоқаев Өзбекстанға барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр. Өзбекстанда Президент басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.

Comments (0)
Add Comment