Тоқаев ТМД аймағындағы қауіпсіздік мәселесін көтерді

Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазіргідей геостратегиялық шиеленіс жағдайында өзара сенімді нығайту қажет. ТМД аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күш-жігерімізді арттыра түсу керек, — деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент ТМД өңіріндегі су қауіпсіздігі мәселесін көтеріп, терроризм мен эксремизмге қарсы күресті бірлесіп жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

 

Іс-шараға Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан және Тәжікстан басшылары қатысып жатқанын айта кетейік.

Comments (0)
Add Comment