Тоқаев Түркия президенті Ердоғанға көңіл айту хатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне шахтада болған ірі апатқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Экспресс К.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Режеп Тайып Ердоғанға жеделхатында Түркияның Бартын провинциясындағы шахтада болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген.

Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқы мен жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Алла Тағаладан қаза тапқандардың жаны жәннатта болуын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін, делінген жедел хатта.

 

Comments (0)
Add Comment