Тоқаев президенттікке кандидат ретінде тіркелді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Орталық сайлау комиссиясы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлын Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркеді», – деді Нұрлан Әбдіров ОСК отырысында.

Президенттікке кандидат куәлігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді адамы Ерлан Қошановқа табысталған.

кандидатпрезиденттікке үміткерсайлау
Comments (0)
Add Comment