Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХVI жазғы Паралимпиада ойындарының жүлдегерлерін марапаттады.

Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградтау туралы жарлыққа қол қойды:

  • ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Давид Дегтяревті;
  • «Парасат» орденімен Зарина Байбатинаны, Теміржан Дәулетті және Ануар Сәриевті;
  • «Құрмет» орденімен Нұрдәулет Жұмағалиді.

Токиодағы Паралимпиадада Қазақстан құрамасы бес медальға ие болған: пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс, ал жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола медаль жеңіп алған болатын.

tengrinews.kz

Comments (0)
Add Comment