Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7 қазанда Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының бейресми саммитінде ТМД жанынан орыс тілін қолдау және дамыту бойынша халықаралық ұйым құруды ұсынған. Бұл туралы саммитте Владимир Путин мәлімдеді.
«Президент Тоқаевқа алғысымызды білдіреміз. Менің ойымша, бұл бәріміз үшін маңызды, себебі орыс тілі – сөзсіз мемлекетаралық араласу тілі. Біз, әрине, Қазақстан президетінің ұсынысын қолдаймыз және өз тарапымнан бұл идеяны жүзеге асыру үшін барын жасаймын» деді Путин.
Ал Ақорданың баспасөз қызметі ТМД басшыларының бейресми саммитінде «ұйым қызметінің басым бағыттары, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту жөніндегі жоспар талқылағанын» хабарлады.
Құрмаш Қаптағай