Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман ҚР президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев лингвистика комиссиясында мемлекеттік тілден емтиханды неліктен тапсырмайтынын түсіндірді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы ҚР Конституциялық Заңының 54-бабы 2-тармағына сәйкес, кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау процедурасы кандидатурасы келесі өкілеттік мерзімге ұсынылған республиканың іс басындағы Президентіне қолданылмайды», – деді ОСК хатшысы.