Тоқаев мемлекеттің басты міндеттерін атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басты міндеттерін атады, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Президент Twitter желісінде жазды.

«Мемлекеттің басты міндеті – отандастарымыздың игілігі мен тұрмыс сапасын қамтамасыз ету. Әділ бәсекені дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік қолдау шараларының  ашықтығы – жаңа экономикалық бағыттың негізгі қағидалары», – деп жазды ол.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкімет ұлттық валютаның тұрақты бағамын қамтамасыз етуге басымдық беруге тиіс екенін айтты.

«Теңгені бекемдемей және инфляцияны төмендетпей, орнықты экономикалық өсімге қол жеткізу, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, инвесторлардың сеніміне ие болу мүмкін емес», – деп жазды Тоқаев.

Comments (0)
Add Comment