Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен Ұлттық банке инфляцияны 8,5%-тен асырмауды тапсырды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі Twitter-де мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен барған мемлекет басшысы моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте азық-түлік бағасына тоқталды.
Президенттің айтуынша, биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 10,4%-ке өскен. 9 айдың қорытындысы бойынша инфляцияның жалпы өсімі 8,9%-ті құрады.
«… Менің тапсырмаммен делдалдық схемаларды тергеу бойынша өңірлік комиссиялар құрылды. Алайда нәтижені президент те, азаматтар да көріп тұрған жоқ. Президент әкімшілігі мән-жайды анықтап, бір апта ішінде есеп беруге тиіс», – деді Тоқаев.
Ол азық-түлік бағасының қысымымен инфляция 6%-тен асып кеткені айқын екенін айтты. Президент үкімет пен Ұлттық банкке инфляцияны 8,5% шегінде сақтауды тапсырды.