Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық автоөнеркәсіп туралы қауесеттерді тексеруді тапсырды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Тағы бір өзекті мәселе: әлеуметтік желілерде қазақстандық көліктердің көбі дайын күйінде келеді деген ақпарат жиі жарияланып отырады. Яғни «даярға-маяр».
Бұл жерде асыра сілтеу байқалады. Оның мақсаты да түсінікті. Қалай болғанда да, мұндай мәлімдемелер шындыққа қаншалық сәйкес келетінін анықтау керек. Осыдан кейін шаралар қабылдау керек», – деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.