Телеарналардан ҰҚШҰ-ның онлайн саммиті көрсетіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бүгін Президент Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13.00-де Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылған ҰҚШҰ кезектен тыс сессиясына қатысады», – деп жазды Берік Уәли Facebook-те.
Оның айтуынша, отырыстың тікелей көрсетілімі «Хабар 24» телеарнасынан көрсетіледі.