Тоқаев: Air Astana халықтық ІРО-ға шығарылады, QazaqGaz-да осыған дайындалуы керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында активтерді басқару ісінің ашықтығын және тиімділігін барынша арттыру туралы айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Басты мақсат – активтерді басқару ісінің ашықтығын және тиімділігін барынша арттыру. «Самұрық-Қазына» қорының бейінді емес активтерінің бәрі жеке меншікке және халықтық ІРО-ға өтуі керек.

Үкімет бұл жұмысты 2024 жылдан бастап қолға алады. Келесі жылы Air Astana компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады. QazaqGaz кәсіпорны да осы жұмысқа дайындалуы керек. Ірі компаниялардағы мемлекет активтері саудаға шығуға тиіс», – деді ол.

 

Comments (0)
Add Comment