Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясына – 263, коронавирус белгілері бар пневмонияға 18 адам шалдықты және вирустан бір адам көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
29 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2729 адам коронавирус инфекциясынан (-2578 + және 151 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 256 пациент стационарда, 2473 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.