Тілсіз жаудың алдын ал!

Су айдындарында қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында Жамбыл облысы ТЖД түрлі жұмыстар жүргізіп жатыр.

Құралай ІЗЕТБАЕВА

Төтенше жағдайлар департаментінің күштері, Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар және еріктілермен бірлесіп 1293 (2020 жыл – 630) рейдтік іс-шаралар жүргізіп, 20623 үгіт-насихат материалдарын таратқан. Рейд барысында әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440 және 163 (2020 жылы – 77), 364 бабы бойынша 46 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұл көрсеткіштер 2020 жылға қарағанда 2 есе көп.
Өрт – дәл су сияқты айтпай келетін тілсіз жау. Ағымдағы жылдың 6 айында облыс аумағында 284 өрт орын алып, 5 адам жарақат алса, 14 адам қаза тапқан. Материалдық шығын 15 млн 493 мың теңгені құрады. 2020 жылмен салыстырғанда өрт саны 24%-ға, материалдық залал 20%-ға, өрттен қаза тапқандар саны 7 есе ұлғайды.

Оттың тұтануы тұрғын үй секторында, автокөлік құралдарында және ашық аумақтарда көп орын алады. Өрттің жалпы санының айтарлықтай өсуіне тұрғын үй секторындағы өрт санының 19,7%-ға, автокөлік құралдарындағы өрт санының 44%-ға, сондай-ақ ашық аумақтардағы өрттің 2 есе ұлғаюы ықпал етті. Тұрғын үй секторындағы өрттердің негізгі себептері электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу, халықтың отпен абайсыз қарым-қатынасы және пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзудан пайда болады. Соның салдарынан 13 адам қаза болды, оның ішінде төртеуі қатты масаң күйде және қараусыз қалған 5 бала және 4 жағдай орын алды. Және 1 адам мас күйінде қаза тапты.

Жыл басынан бері тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу мақсатында департамент қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен және волонтерлермен бірлесіп 174 мыңнан астам ауланы аралап, 1016 жиын өткізді, олардың барысында 345 мыңға жуық адамға нұсқау берілді. 214 мыңнан астам жадынамалар мен нұсқаулықтар таратылды. Сондай-ақ полиция қызметкерлерін, еріктілерді, газ-электр шаруашылығы қызметкерлерін тарта отырып, 938 көпқабатты тұрғын үйдің 35444 пәтеріндегі 57800 тұрғынға жадынама тарата отырып, алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте тұрмыстық өрттердің және газдан улану жағдайларының алдын алу мәселесі қаралды. 2021 жылғы 23 сәуірдегі жылыту кезеңінің қорытындысы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысында айтылды. Қазіргі уақытта әлеуметтік осал топтар азаматтарының тұрғын үйлерінде 1499 улы газ датчигі (оның ішінде 826 улы газ датчигі және 673 табиғи газ датчигі) орнатылды. Сонымен қатар тұрғындар мен демеушілердің көмегімен табиғи газбен қамтылған тұрғын үйлерде 2020 жылы 7500, ағымдағы жылы 735 газ талдағыш орнатылды.

Аудандар мен Тараз қаласының әкімдері аз қамтылған отбасылардың 65 тұрғын үйіндегі жылыту пештерін жөндеу, 442 тұрғын үйдің түтіндіктерін тазалау және 42 тұрғын үйдің ақаулы электр сымдарын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізді. Жамбыл облысы бойынша тұрмыстық газ баллондарын және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптарды сақтау мақсатында облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жанынан газ техникалық инспекциясы құрылды.

Comments (0)
Add Comment