Тілеуберді Ресей-Украина қақтығысы жайлы: Қазақстан бейтараптық саясатын ұстанады (ВИДЕО)

Мұхтар Тілеуберді көршілес Ресейдің Украинаға деген пікіріне қатысты ой білдірді. Ол қазақстандық әскердің көмекке кетіуі әзірге ресми түрде талқыланып жатқанын айтты, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді журналистердің қазақ әскеріның Ресейге көмекке кетуіне қатысты сұрағына:

«Жоқ. Ең біріншіден өздеріңіз түсінесіздер, қазір жағдай өте шиеленісіп жатыр. Кеше Путин ЛХР мен ДХР дербес ел деп мойындады. Жағдай күрделі. Ал Қазақстанның ресми ұстанымы әлі де талқылануда. Біз халықаралық құқық негізінде, БҰҰ негізінде бейтараптық саясатын ұстанамыз», деп жауап берді.

 

 

 

Comments (0)
Add Comment