Тіл мен мәдениет саласына басымдық берілді

Бас құжаттан туындаған басты міндеттерді халыққа жеткізіп, Жолдауда көзделген мақсатты көпшілікке түсіндіру үшін ақпараттық топ мүшелері Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің қызметкерлерімен кездесті.

Жиынға Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры Көсемәлі Сәттібай мен қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Малтабар Жамалбаев қатысты.
– Жолдауда көкейдегі көптеген түйткілді мәселелердің түйіні тарқады. Мәселен, азық-түліктің бағасы шарықтап өсе бастаған шақта нақты шешім жолдарын ұсынып, қоғамдағы алаңдаушылықты басты. Сондай-ақ көкейімізде жүрген ең бір маңызды мәселе – тіл мен әдебиет, өнер мен мәдениет саласын одан әрі дамыту, мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеру және жас таланттарды қолдау, оларға қамқорлық көрсету болды. Бұл, шын мәнісінде, зиялыларымыздың көңілінен шыққан жағымды жаңалық болды, – деді Малтабар Жамалбеков.
Сонымен қатар жиында аталмыш мекеменің маманы Әлия Қожабекова да өз ойын ортаға салды.

Зере Қуаныш

Comments (0)
Add Comment