Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» жалпыұлттық акциясын жүзеге асыру, оқу мәдениетін дамыту және қолдау, әдебиеттерді оқырмандарға насихаттау, еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамыту, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамытып, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру, халқына, тіліне деген құштарлығын арттыру мақсатында Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Қазақ және орыс тілі кафедрасының оқытушысы Қалиева Жансая Дарханқызымен «Қазақ тілінің мәртебесі» атты пікір алмасу өтті.
Пікір алмасу барысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы аясында қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттары бойынша, қазақ тілін шын мәнінде, білім мен ғылымның мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналдыру мақсатында қазіргі таңда мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін ақын жазушылардың әдеби шығармалары мен өзге де әлемдік туындыларды заманауи технологиялармен қазіргі қоғамдық жастарға жеткізуге болатындығы және қазақтың ақын – жазушыларының шығармаларынан челендждер, түрлі іс-шаралар, қазақтың шешендік өнерін насихаттау барысында сабақтар ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болатындығын айтты. Ол үшін өзіміздің ұлттық түп сананы өзгерту керек екендігін жеткізді. Сонымен қатар М.Жұмабаеватың, Әуезовтың кітаптарын өзінің қызығушылықпен оқитындығын және А.Құнанбайұлының 45 қара сөзін жатқа білетіндігі мен қазіргі заманауи қазақ әйелі болудың қыр – сыры мен бөлісті.
Іс-шара соңында Жансая Дарханқызы көптеген жарыққа шықпай қалған ақын-жазушылардың шығармалары мен туындыларын Абайтанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметовтың қолдауымен қорғап шыққанын және өзіне ұстаздық еткені туралы айтты. Кейінгі жастарға заманауи ағыммен ой өрісін дамытудың жолдарын айтып, кітапхана ұжымына алғысын жеткізіп, ризашылығын білдірді.