Еліміздегі барша халықтың басын біріктіруші фактор ретінде қазақ тілін ілгерілету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттардың бірі.
Тіл – ұлттың рухы. Ұлттық нышаны.Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын ұйыстырушы бола алатын ұлы күш.
Бұл орайда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауларының бірінде: «Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы тиіс. Бұл отаншылдықтың басты белгі-сі», – дегені мемлекеттік тілдің мәртебесін айқындай түсетіні сөзсіз.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту арқылы ел бірлігін күшейту, мемлекет тұрақтылығын қамтамасыз ету тұрғысынан бірқатар нақты іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік бағдарламада жергілікті атқарушы органдарға тиесілісі 1 индикатор (Мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес келетін көрнекі ақпаратты қамту дәреже- сі – 2022 жылы 74 пайызды құраса, (жоспар 74%), 2023 жылы 84 пайызға жеткізу жоспарлануда.), 5 нәтижелі көрсеткіш 2022 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелер бойынша толығымен орындалды.
Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі – 92,6%-ды құрап отыр (жоспар – 2022 ж. – 92%; 2023ж – 93%), мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, оқитын және жазатын халықтың үлесі – 60,2% (жоспар – 2022ж – 59,5%; 2023ж – 61,5 %).
Орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі – 91,5% (жоспар – 2022 ж. – 90,4%; 2023ж – 90,6%), ағылшын тілін меңгергендер үлесі – 29% (жоспар – 2022 ж. – 28,5%; 2023 ж. – 29,0%), үш тілді меңгергендер– 28,6% (жоспар – 2022 ж. – 28%; 2023 ж. – 29% ).
Биылғы 5 нәтижелі көрсеткіш жыл соңында облыстық тілдерді дамыту басқармасы тарапынан жүргізілетін әлеуметтік талдау нәтижесінде анықталады.
2023 жылдың 8 айы бойынша шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлес салмағы 100% құрап отыр.
Қазақстан дамуында өзге елдердің де назарын аудартып отырған маңызды реформалардың бірі, рухани кеңістікте үлкен өзгеріс күттіріп отырған мәселе – қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары.
Әліпбидің жаңа нұсқасы мақұлданған, бірақ бекітілген жоқ.
Бұл бағыттағы жұмыстар негізінен латын графикасындағы әліпбидің жетілдірілген жобасымен таныстыру, түсіндіру форматында жүргізіледі.
Қазіргі таңда «Латын әліпбиі –болашықтың кілті», «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы», «Тегімізді дұрыс жазайық» атты акциясы өткізілуде.
2023 жылдың 8 айы бойынша 37 іс-шара өткізіліп, 15 347 адам қамтылды.
Тіл саясатын жүзеге асыруда баса назар аударар саланың бірі – ономастика.
Республика көлемінде әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жұмыстары ҚР Үкіметінің №138 қаулысының талаптарына сәйкес және ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар» 555, «Тарихи жер-су атаулары» 380 және «Дәстүрлі атаулар»298 тізімін басшылыққа ала отырып жүргізіледі.
2022 жылы 114 көшеге жаңа атау берілген. Оның ішінде мағынасы ескірген көшелер – 51, бұрылыстар – 16, тұйық – 2, қайталанатын атаулар – 7, атауы жоқ жаңа көшелер – 37, өтпе жол –1.
2023 жылғы 10 көшеге жаңа атау берілді. Оның ішінде мағынасы ескірген көше-лер – 1, бұрылыстар – 2, қайталанатын атаулар – 2, бұрылыс- тар – 3, атауы жоқ жаңа көшелер – 1, жаңа алқап – 1.
2023 жылдың 7 маусымында Тараз қаласындағы бірқатар мағынасы ескірген және атауы жоқ 22 көше бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды. Оның ішінде мағынасы ескірген көшелер – 21, атауы жоқ жаңа көше – 1.
Жалпы қала бойынша геонимдер саны – 1 442. Оның ішінде қазақша тарихи тұлғалар саны – 583, жер-су атаулары – 181, дәстүрлі атаулар – 277, өзге ұлт кісі есімі – 206, мағынасы ескірген орысша атаулар – 195.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (2023 жылғы 22 тамыздағы №18-07-10/1998-И хаты) «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімін қайта пысықтауға байланысты атау беру және қайта атау процедураларын уақытша кейінге қалдыру туралы хатына сәйкес Тараз қаласындағы жаңадан құрылатын екі ауданға атау беру жұмыстары уақытша тоқтатылды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2016 жылғы 20 шілдедегі №6-1 бұрыштамасына сәйкес аншлагтарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылы жаңадан атау берілген және аншлагтары түсіп қалған, ескірген көшелердің аншлагтары ауыстырылуда.
Көрнекі ақпарат пен жарнама – тіл саласындағы ең бір өткір мәселе.
Тіл – ұлттың тірегі, ең асыл құндылығы. Демек, тілге қамқор болу – ұлтқа қамқор болумен тең. Елімізде сонау 1997 жылы жарық көрген Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының 21-бабына өткен жылдың желтоқсан айында өзгерістер енгізілді. 2022 жылдың 22 қаңтарында күшіне енген өзгерістердегі ең бастысы бұған дейін заң деректемелер мен көрнекi ақпараттардың мемлекеттік тілмен қатар орыс тілінде болуын міндеттесе, ендігі жерде мемлекеттік тілде міндетті түрде жазылуы, ал қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа тілдерде орналастыру қарастырылды. Атап айтатын болсақ, кәсіпкерлік субъектілеріне деректемелер мен көрнекі ақпараттарын тек мемлекеттік тілде, ал қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа тілдерде орналастыруға таңдау құқығы берілген.
Жарнама сауатты болуы тиіс, сауаттылық емле мен пунктуация ережелеріне ғана мән берілу емес, мазмұнға көңіл аудару керек. Сондықтан сауаттылық мәселесімен қатар, жарнама мәтінінің ішкі мазмұнына да мән беріп, әсіресе, ұлттық танымның тілдік көріністерін кеңінен көрсек игі болар еді.
Алайда қазіргі таңда қала аумағында естіген құлаққа түрпідей тиетін, грамматикалық, стилистикалық қателері бар жарнамалар мен көрнекі ақпараттар кездесуде.
Көшелерде, сауда орындарындағы, қоғамдық тамақтану орындарындағы тек орыс тілінде рәсімделген немесе сөзбе-сөз, мағынасыз аударылған көрнекі ақпараттар, баға көрсеткіштер, хабарландыру және басқа да жарнамалар тұрғындардың наразылығын туындатады.
Бөлім нысан иелері мен жарнама агенттіктерінің қызметкерлеріне тек қана әдістемелік көмек көрсету, семинар, дөңгелек үстел мен әртүрлі бағыттағы іс-шаралар өткізумен және жеке тұлға құзырлы органдарға шағымданған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 75-бабының 3-тармағына сәйкес тек қана ескерту берумен шектеледі.
Көрнекіліктерді біріздендіру мақсатында «Қала келбеті-2023» зерделеу жұмысы, «Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаға сауаттылық», «Сыртқы көрнекі ақпарат құралдары және сыртқы жарнамалардың тіл сауаттылығын зерделеу», «Таза қалаға – таза жарнама» айлықтары тұрақты өткізілуде.
Жалпы жыл басынан 2 семинар-кеңес, 15 кездесу, 3 айлық, 87 зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Айлық, зерделеу барысында 6 376-ға жуық нысан зерделенді, оның ішінде талапқа сай емес көрнекі ақпарат – 33, талапқа сай көрнекі ақпарат – 6 343.
Біздің тарапымыздан жеке бизнес өкілдерімен үнемі етене жұмыс істеу барысында шағын және орта бизнес өкілдеріне, жарнама агенттіктеріне сыртқы көрнекі ақпараттың (жарнама) сауатты жазылуына, орналасуына тағы басқа да мәселелер бойынша тегін консультациялық көмек көрсету үшін «Call center» құрылып, жауапты маман бекітілген.
«Жедел желі» («Call center») қызметі арқылы 157 кәсіпкерге жарнаманы дұрыс ресімдеуге көмек көрсетілді.
Тіл нормаларына сәйкес келетін көрнекі ақпараттар үлесі зерделеу жұмыстарының нәтижесінде 2022 жылы 74 пайызды құраса, (жоспар 74%), 2023 жылы 84 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Кейбір азаматтар кітап оқымауы мүмкін, газет-журналға жазылмауы мүмкін, бірақ көшедегі жарнаманы міндетті түрде көреді, көрген соң оқиды. Көрнекі дүние адамның есінде міндетті түрде қалады. Сондықтан жарнама мәтінінің сауатты болуы өте маңызды екенін айта отырып, жарнама берушілерден көрнекі құралдарындағы мәтінде сауатты, қате кеткен жағдайда түзетуге дайын болып, бірлесе жұмыс істесек, мемлекеттік тіліміздік мерейі артып, қателіктер азаятын еді.
Көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі әдеби нормалардың бұзылуын жою жөніндегі шаралар ретінде ақпарат мәтіндерін әзірлеушілерге әдістемелік және консультациялық көмек жыл сайын артып, күшейтілуде.
Қазіргі таңда қала көшелеріндегі нысандарда орналасқан жарнамалардың мәтіндеріндегі қателіктерді алдын алу мақсатында қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімімен бірлесіп жеке кәсіпкерлер жарнаманы орналастыруға рұқсат алуда мәтіндерін мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен келісуде.Жыл басынан бері жүргізілген айлық, зерделеу жұмыстары барысында анықталған кемшіліктер бойынша жұмыстар жүргізіліп, бірқатары түзетілді.
Өз дәуірінде «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген Ахмет Байтұрсынұлының ұлағаты бүгінде ұлттың рухын көтерер орынды сөз. Еліміздің татулығы мен бірлігін, ынтымақтастығы мен елдігін арттыратын, елдігімізді паш ететін, жас ұрпақты патриотизмге баулитын – осы тілдің құдіреті.
Бақыт Тоқсанбаева,
Тараз қаласы әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы