TikTok танымалдығы бойынша Google-ды басып озды: Енді ол ең көп қаралатын сайт

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдың TikTok әлеуметтік желісі қаралым бойынша Google іздеу жүйесін басып озды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап. Аталған желінің көмегімен соңғы жылдары бірнеше музыканттар мен басқа да тұлғалар өз танымалдығын арттырған.

Бұл туралы Cloudflare сарапшылары есеп жүргізген.

Компанияның жылдық зерттеу есебіне сәйкес, TikTok.com домені Google-дың барлық қызметтерін – карталарды, аударма құралдарын, фотоларды, кітаптарды және жаңалықтар агрегаторын артқа тастаған.

TikTok әлеуметтік желісінің танымалдығы 2021 жылы қатты артты, мысалы үшін 2020 жылдың соңындағы есеп бойынша бұл желі жетінші орында болған. Бүгінгі таңда Cloudflare мәліметтері бойынша ең танымал он домен мынадай кезекте орналасқан:

– TikTok.com

– Google.com

– Facebook.com

– Microsoft.com

– Apple.com

– Amazon.com

– Netflix.com

– YouTube.com

– Twitter.com

– WhatsApp.com

Бейжіңдегі ByteDance Ltd компаниясына тиесілі TikTok-тың танымалдығының артуын сарапшылар оның әрбір пайдаланушы үшін бейнелерді таңдау алгоритмінің сәттілігімен түсіндіреді. Соңғы жылдары TikTok-ты қолдана бастаған Аддисон Рэй және Чарли Д’Амелио секілді танымал тұлғалар толыққанды атақты адамдарға айналған.

Comments (0)
Add Comment