Терроризмге тосқауыл – ортақ міндет

Жуырда Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұхит Нысанбаевтың төрағалығымен террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша семинар-сабақ өтті.

Басқосуға облыс әкімі аппаратының терроризмге қарсы қызметті үйлестіру және құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің басшысы, облыстық терроризмге қарсы комиссия хатшысы Бақытжан Саданов, облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Науатбек Қалымбетов, ҚР ҰҚК облыс бойынша департаментінің қызметкері Айғаным Ахан және білім басқармасына қарасты оқу орындарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Әуелі Мұхит Аманқұлұлы терроризмге қарсы қорғалуды ұйымдастыру мәселелеріне кеңінен тоқталды.
– Бүгінде облыс бойынша білім саласына қарасты 1 215 мекеме бар. Оның 690-ы «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығы негізінде қызметтерін жүзеге асыруда. Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы №15 қаулысымен террористік тұрғыдан осал объектілердің аумақтық тізбесіне меншік нысанына қарамастан 711 объект жата- ды, – деген басқарма басшысының міндетін атқарушы объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігін мекеменің бірінші басшысы ұйымдастыруы керектігін баса айтты.
Келесі кезекте шараның өзге де қатысушылары сөз алып, орамды ойларын ортаға салды.

Нұргүл ОРАЗБЕК

Comments (0)
Add Comment