«Терезе сынып кете жаздады»: Қатты жарылыстың дыбысы Орал тұрғындарын шошытты

Жарылыс дыбысына ұқсаған дүбір Орал тұрғындарын шошытты. Алайда полиция мен төтенше жағдайлар департаменттері төтенше жағдай туралы ешқандай ақпарат хабарланбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Порталдың хабарлауынша, 15.30 -да Орал қаласы мен қала маңында қатты дыбыс естілген. Жарылысқа тән дыбыстарды қаланың барлық бөліктерінің, сондай-ақ облыстан 20 шақырым жердегі Бәйтеректің Деркуль, Мичурино, Асан, Покатиловка елді мекендерінің тұрғындары да естіген.

Мерей базарындағы жұмысшылардың бірі тауарлардың барлығы сөреден түсіп кеткенін хабарлады. Тағы бір қала тұрғыны «Балабақша» ауданында есік-терезелер сынып кете жаздады дейді.

«Мен Шолохов ауданында дөңгелек ауыстыратын жерде жұмыс жасаймын. Күшті жарылыс болды, ғимарат дірілдеді. Біраз уақыттан кейін екіншісі. Біз жақын жерде не жанармай құю бекеті жарылды, не көлік жарылды деп ойлап көшеге жүгірдік. Жарылыс шынымен де күшті болды. Бірақ көшеде өрт жоқ, түтін де жоқ. Бұл қалай болды?» – деп таңғалды тұрғындардың бірі Алексей Уралецтен.

Қалалық полиция департаменті де, төтенше жағдайлар министрлігі де жарылыс туралы ақпаратты растамады.

Полицейлер бұл факті бойынша түрлі болжамдар жарияланған әлеуметтік желілерді бақылап жатқанын айтты.

«Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтап, тексерілмеген ақпаратты таратудан аулақ болуды сұрайды», – делінген хабарламада.

Кейбір ақпарат бойынша жарылыс әскери бөлімде болуы мүмкін деген хабарлама да тараған. Бірақ 5517 әскери бөлімінде бәрі тыныш екенін хабарланды.

«Бүгін біз ешқандай жаттығулар өткізген жоқпыз. Сонымен қатар бізде ешқандай оқыс оқиға болған жоқ», – деді кезекші.

Comments (0)
Add Comment