Теміртауда әйелді автобустан күштеп шығарып, соққыға жыққан (видео)

Теміртауда автобуста шу шығарған мас әйел қоғамдық көліктен күштеп түсірілген соң соққыға жығылған. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Автобустағы жанжал 28 қыркүйекте болған. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды-Теміртау бағытында жүретін қоғамдық көлікте отырған мас әйел шу шығарып, дөрекілік танытқан. Кейін жүргізуші мен кондуктор Теміртауға жеткенде оны көліктен күштеп түсіріп тастайды. Сол кезде белгісіз біреу әйелді соққыға жыққан.

ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жәбірленуші мен осы қылмысқа қатысы бар адамның жеке басын анықтау бойынша іс-шараларды жүргізуде,

— дейді баспасөз қызметіндегілер.

Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!

Comments (0)
Add Comment