«Темірқазық»: Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналған ән шықты (ВИДЕО)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына арнаған жырларымен көпке белгілі бола бастаған Балтабек Нұрғалиев енді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап ән шығарды, деп хабарлайды ”Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Әннің атауы – «Темірқазық».

«Бұл ән – Тәуелсіздікке қауіп төнгенде, оны отқа орандырмай қорғап қалған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына арналады» деп жазды автордың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әннің мәтіні төмендегідей:

Жүрегіміз лүпілдеп соғады,

Бəрі жақсы болады, болады.

Басымызға бір бақыт қонады!

Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!

 

Қайырмасы:

Сізге шын ереміз,

Сізге шын сенеміз.

Алдағы болашақ өмір жарық!

Үміті елдің де,

Үміті жердің де,

Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Өзіңіз Темірқазық!

Темірқазық!

 

Кемел əке болыпты ел ері,

Әкеңіздің дарыпты өнері!

Елбасының сенімді серігі,

Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!

 

Қайырмасы:

Сізге шын ереміз,

Сізге шын сенеміз.

Алдағы болашақ өмір жарық!

Үміті елдің де,

Үміті жердің де,

Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Өзіңіз Темірқазық!

Темірқазық!

Comments (0)
Add Comment