Телефонға қандай деректерді сақтауға болмайды?

Телефон өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып үлгерді. Бүгінде ол арқылы өміріміз жеңілдеп отыр. Телефонның көмегімен жаңалық оқып, видео қарап, ақша аударып жүрміз. Сол себепті мұнда біз туралы біршама ақпарат сақталған. Оның арасында қауіптілері де болуы мүмкін. Киберқауіпсіздік жөніндегі маман Андрей Масалович RT басылымына смартфонда қандай деректерді сақтауға болмайтыны мен телефонды қорғау жолдарын айтты. turkystan.kz

«Мұнда кез келген ақпаратты сақтай аласыз.  Пошта жәшігінде сақтауға болатын барлық нәрсені телефоныңызда да сақтауға болады. Қазір смартфондағы деректерді қорғау деңгейі пошта жәшігіңіздегі қорғаныс деңгейіне ұқсас. (Жалпы деректерді желіге қосылған смартфондарда, серверлер мен компьютерлерде сақтау мүмкін емес)», – деді эксперт.

Масаловичтің айтуынша, мобильді телефонда құпиясөздер тізімін сақтауға болмайды.

«Әртүрлі сервистерде бір ғана құпиясөзді қолданбаңыз. Жалпы, құпиясөздің өзін жылына бірнеше рет ауыстырған жөн.

Негізінде несиелік карталарды ыңғайлы етіп бөлуге болады. Мысалы, қаржыңыз көп сақталған шоттағы ақшаны тек банк бөлімшесіне барып алыңыз», – дейді ол.

Эксперт кез келген сервиске кіргенде «мені есте сақтау» («запомнить меня») батырмасын баспау керектігін түсіндірді. Сонымен қатар жеке куәліктің суретін телефонда сақтамай, шығарылған нұсқасын жанымызда алып жүруге кеңес берді.

Егер біреуге жеке куәлігіңіздің суретін жіберген болсаңыз, архивті өшірген дұрыс екені де айтылды.

«Смартфонның жоғалуы өте жиі тіркеледі. Оны транспорттарда ұмытып кету, біреудің ұрлап кетуі секілді жағдайлар көп кездеседі. Біле білсеңіз, смартфонның құпиясөзін анықтаймай-ақ, ондағы ақпараттарды білуге болады», – дейді ол.

Comments (0)
Add Comment