TEDx форматында кездесу өтті

«Достық үйінде» облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Саналы TALKS» жобасы аясында жастар арасында TEDx форматында кездесу өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Іс-шара зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Жастардың тұлғалық және рухани дамуы» тақырыбында өтеді. Іс-шараның мақсаты жас ұрпаққа рухани тәлім-тәрбие беру, жастардың бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды дамыту, жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат  қалыптастыруға, тұлғаның саяси мәдениетін дамытуға ықпал ету.

Бүгінгі кездесуге Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Ұлттық Білім Академиясының академигі, Қазақстанның Құрметті ұстазы Қалдыбек Бөлеев, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Меңдібай Абилов, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің терапия пәнінің оқытушысы, медицина ғылымдарының кандидаты Төленбек Саурбаев, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары, тарих ғылымдарының магистрі Сандуғаш Шайкиева және педагогика ғылымдарының магистрі Макпал Мырзахметова қатысып, өз баяндамаларын жасайды. Кездесу барысында кеш қонақтарына сұрақтар қойылып, жастар сұрақтарына жауап алды.

Comments (0)
Add Comment