Атырау облысында 4 күн бойы із-түссіз жоғалып кеткен 4 балықшы аман-есен табылды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі qazaqstan.tv телеарнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Олар теңізге балық аулауға шығып, бағыттан адасып кеткен. Орталықтан 270 шақырым қашықтықта, яғни Каспий теңізінің Исатай, Құрманғазы аудандары аумағындағы жағалауда тікұшақпен жүргізілген іздеу жұмыстары өз нәтижесін берген жоқ. Арада 4 күн өткенде балықшылардың бірі телефон арқылы хабарласып, Жанбай ауылының маңында жүргендерін айтқан.