Тазалық сақтамағандарға айыппұл салынды

Тазалық сақтамағандарға  айыппұл салынды

Қала аумағында құрылыс қалдықтары, стихиялық қоқыстың тиісті орынға тасталуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

Айталық, өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орынға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар жүргізілді. Соның нәтижесінде былтыр 1 182 нысан иесінің талапқа сай тазалық сақтамағаны анықталды. Оның ішінде 1 008 тұрғынға ескерту берілсе, 174 азаматқа айыппұл салынды.
Сонымен қатар биыл жыл басталғалы бері 1 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында тазалық сақтамаған 295 нысан иесі анықталса, 270 адамға ескерту беріліп, 38-іне айыппұл салынды.
Жалпы, тазалық сақтамаған тұрғындарға, нысан иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.

Айнура СЕЙДІЛДАЕВА

Comments (0)
Add Comment